Семейде автожуудағы өрттен зардап шеккендердің бірі ауруханадан шығарылды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласындағы автожуу бекетіндегі өрт пен жарылыс салдарынан зардап шеккен екі адамның бірі ауруханадан шығарылды. Екінші науқас әлі жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Семейде автожуудағы өрттен зардап шеккендердің бірі ауруханадан шығарылды
Фото: Александр Павский / Kazinform

Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастардың бірі ары қарай стационарлық ем алудан бас тартып, амбулаториялық бақылауға жіберілген.

Ал екінші пациент әлі де жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайында кері динамика байқалмайды.

— Науқастың жағдайы тұрақты, нашарлау байқалмайды. Ол есін біледі, қажетті медициналық көмектің барлығын толық көлемде алып жатыр. Пациент мамандардың тұрақты бақылауында, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Семейде автожуудағы өрттен зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған.