21:17, 26 Наурыз 2020 | GMT +6
Семейде азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін 200-ден астам меморандум жасалды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында әлеуметтік маңызы бар тауар бағаларының және тұрақтандыру қорынан жеміс-жидек пен көкөністерді жеткізу мақсатында меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қаладағы дүкендер мен сауда орындарында азық-түлік жеткілікті. Тұрақтандыру қоры да өз жұмысын жалғастыруда. Сауда нысандарына жеміс-жидектер мен көкөністерді жеткізу бойынша 43 меморандумға қол қойылған. Сол жерлерде әр тауардың бағасы 77 теңгеден аспайтын болады», - дейді Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Анжела Маслова.
Сонымен қатар шаһарда әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін 208 меморандум жасалды.