Семейде балабақша өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін кешкі сағат 17.37-де Абай облысы ТЖД 101 пультіне Семей қ., Павлов к.,балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 

өрт
Фото: Абай облыстық ТЖД

Келгеннен кейін балабақшаның 2 қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

Өрт сағат 18.05-те оқшауланды. 

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 бірлік техника жұмыс істеді.