Семейде баспана кезегінде қанша адам тұр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында баспана кезегінде 12 535 адам тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Семейде көпбалалы отбасыларға жеңілдік шарттарымен 35 млн теңгеге 5 шағын несие берілген. Тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарна ретінде 1 млн теңге сертификаттарын беру арқылы 75 көпбалалы отбасына қолдау көрсетілді. Бұл жайлы халық алдында есеп берген қала әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.

«Семей бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған азаматтар саны 12 535 адамды құрайды. Оның ішінде көпбалалы отбасылар саны – 1 039. Қазіргі уақытта шаһарда 75 көппәтерлі үй құрылысы жүргізілуде», - деді ол.

Бақытжан Байахметовтің айтуынша, өткен жылы 202,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынған.

«Осы жылдың соңына дейін 263 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді немесе 2 268 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл кезекте тұрғандар санын біршама азайтуға мүмкіндік береді», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар