Семейде биыл 100-ден астам көше жарықтандырылады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында осы жылы 100-ден астам көше жарықтандырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде биыл 100-ден астам көше жарықтандырылады

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейдің бірнеше көшесіне жарық тартылды. Бұл Сыбанов, Береговая және Кубинская көшелері.

«Сыбанов көшесінде 36 тірек, кронштейндер мен шамдар орнатылды. 1 440 сым желісі тартылды. Береговая көшесі бойынша Щорс көшесінен Центральная көшесіне дейін 31 тірек қойылып, 1 240 метр сым тартылды. Ал Кубинская көшесіне 37 тірек және 35 жарықдиодты шам орнатылған. Жыл басынан бері шаһар бойынша 20-дан астам көше жарықтандырылды», - деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Оның айтуынша, 2022 жылдың соңына дейін барлығы 100-ден астам көшеге жарық тарту жоспарланып отыр.