Семейде дзюдодан жастар арасында ел біріншілігі мәресіне жетті

None
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Семейде дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ел біріншілігінің жекелей сайысында медаль саны бойынша Абай облысы (3 алтын, 1 күміс) көш бастады.

Ақтөбе облысы (2 алтын, 2 күміс) құрамасы екінші орыннан көрінсе, Қостанайдың (2 алтын) жас дзюдошылары үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан чемпионатының соңғы жарыс күнінде 19 команда аралас-командалық жарыс бойынша чемпионды анықтады. Нәтижесінде Жамбыл облысының жас татами шеберлері қарсылас шақ келтірмей, аралас-командалық жарыстың жеңімпазы атанды. Финалға шыққан Қарағанды облысы күмісті місе тұтса, Қостанай мен Алматы қаласының құрамалары қола жүлдені өзара бөлісті.




Төрт күнге созылған Қазақстан чемпионатына Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ еліміздің 16 облысынан барлығы 517 спортшы қатысты.

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, Абай облысында дзюдо спорты жақсы дамып келеді.




«Абай облысы – Қазақстанға мықты дзюдошылар сыйлаған өңір. Осы киелі жерден Олимпиадада және әлем чемпионаттарында елдің намысын абыроймен қорғаған көптеген татами шеберлері шықты. Соңғы рет дәл осындай чемпионат Семейде 10 жыл бұрын өткізілген еді. Ал осы жарыстың нәтижесі бойынша озық шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан жастар құрамасына қосылатын болады. Біріншіліктің қорытындысы бойынша құрылған команда биылғы халықаралық жарыстарға, Азия және әлем чемпионаттарына қатысады. Кәсіби спорттың алғашқы кезеңі болып саналатын Қазақстан чемпионаты болашақ Олимпиада чемпиондарының жұлдызын жағатынына сенімдімін», - деді Қуанышбек Есекеев.




Дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында жекелей сайыста мына спортшылар жүлдеге ілікті.

60 кг

1.Аман Бақытжан (Ақтөбе облысы)

2.Қуанышбек Көмеков (Маңғыстау облысы)

3.Ұлан Елеусізов (Астана)

3. Айбол Кузеев (Жетісу облысы).

66 кг

1.Бекасыл Бейсембаев (Абай)

2.Әділет Жолекеш (Маңғыстау)

3.Нұрсұлтан Жұбатқан (Маңғыстау)

3. Арман Насыр (Алматы).

-73 кг

1.Әділет Алмат (Ақтөбе)

2.Досхан Жолжақсынов (Жетісу)

3.Уәлихан Шайхистан (Ақмола облысы)

3.Акбар Алтай (Қызылорда облысы).

-81 кг

1.Жалғас Қайролла (Абай)

2.Нұржан Бисенов (Ақтөбе)

3.Әділ Адуахатов (Астана)

3.Мирлан Максим (Маңғыстау).

-90 кг

1. Құдірет Досымов (Шымкент)

2. Родион Пантелеев (Алматы)

3. Дархан Жүнісхан (Алматы)

3. Бижан Садуақасов (Павлодар облысы).

-100 кг

1. Нұрлас Әмірханов (Алматы)

2. Мирас Бақтыбай (Шымкент)

3. Бейсенбек Наурызбай (Маңғыстау)

3. Мақсат Махамадхашамұлы (Түркістан облысы).

+100 кг

1. Нұрсұлтан Қаблан (Қостанай облысы)

2. Жантілек Нұртілепұлы (Маңғыстау)

3. Дінасыл Тәттімбет (Қарағанды облысы)

3. Дастан Баухан (Ақмола).

Қыздар:

48 кг

1.Ирина Дубовская (Жетісу)

2.Аяулым Тұрдике (Жетісу)

3.Тасним Абдуали (Шымкент)

3.Нұрайлым Сәрсенбек (Ұлытау).

52 кг

1.Құндыз Жылқыбай (Қызылорда)

2.Аяжан Мұхтарғали (Жетісу)

3.Әлима Жұмағалиева (Қарағанды)

3.Аружан Ережепова (Алматы облысы).

-57 кг

1.Дана Абдирова (Атырау облысы)

2.Карина Каракенова (Абай)

3.Алтынай Нұрханова (Павлодар)

3.Ұлдана Үсейн (Шымкент).

-63 кг

1.Самалай Ерғалиева (Қостанай)

2.Гүлнұр Баханова (Ақтөбе)

3.Ұлдана Таңжарықова (Жамбыл)

3.Ақтоты Зәріп (Қызылорда).

-70 кг

1.Ажар Асхат (Абай)

2.Анастасия Морозова (Алматы)

3.Ақтолқын Қонысбек (Шымкент)

3.Әсемай Рүстемова (Қызылорда).

-78 кг

1. Диана Тельбаева (Қарағанды)

2. Анастасия Нагачевская (Алматы)

3. Әлия Хожаназарова (Маңғыстау)

3. Шынар Абатова (Қызылорда)

+78 кг

1.Карина Такиева (БҚО)

2. Толқын Тұрсынханова (Астана)

3. Наргиз Оразбекова (Астана)

3. Руслана Махатова (Қарағанды).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Данияр Шамшаевтың Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.













Соңғы жаңалықтар