Семейде екі адамның көлігін алдап алған алаяқ ұсталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екі адамның көлігін сатып аламын деп алдап соққан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 39 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, өзін әңгімеге тартқан танымайтын ер адамның «ВАЗ» көлігін сатып алатындығын айтып сендіргенін жеткізді. Алайда алаяқ автокөлікті алғаннан кейін ақша төлемей, хабар-ошарсыз кеткен.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Жарма ауданының 27 жастағы тұрғыны жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Сондай-ақ ер адамның тағы бір жәбірленушіні алдағаны белгілі болды», - делінген ақпаратта.

27 жастағы семейлік әйел маусым айының соңында полицияға жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, жалған сатып алушы дәл осындай жолмен оның «ВАЗ» көлігін алдап алды. Зардап шегушіге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 1 500 000 теңгеден асты.

Ұсталған адам қолғатпен босатылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар