Семейде екі жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екі жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Халық алдында есеп берген қала әкімі Бақытжан Байахметовтің айтуынша, мектептердегі орын тапшылығын азайту мақсатында бірқатар шара атқарылуда.

«Бүгінде Шығыс кентінде 1200 орындық, Степной кентінде 300 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Болашақта Қарағайлы шағын ауданында, Водный, Ақсай, Шығыс кенттерінде 2700 орындық тағы 4 мектеп салу жоспарланып отыр. Шаһар бойынша 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші – 76,7% құрайды», - деді ол.

3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мақсатында жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі мекемелерде 12 ерте дамыту тобы ашылған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Бобровка кентінде 320 орындық, Восход кентінде 140 орындық балабақша құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Балабақшалардың құрылысы биыл басталады деп көзделуде.


Соңғы жаңалықтар