Семейде екі жасар бала 8-қабаттағы терезеден құлап кетті

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде екі жасар бала 8-қабаттағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Семейде екі жасар бала 8-қабаттағы терезеден құлап кетті

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, оқиға Ж.Кәрменов көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде болған.

«Қазіргі уақытта, 2017 жылы туған сәби (толық жасы – 2 жас 11 ай) облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, жағдайы – ауыр», деп хабарлады ТЖБ.

Басқармадағылар оқиға орнына құтқарушылар бармағанын атап өтті.


Автор: Орал Ерланұлы