Семейде ғимараттың опырылып түскен шатыры автобусқа құлады

Абай облыстық ПД
Фото: Абай облыстық ПД

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласында ғимараттың опырылып түскен шатыры екі автобустың үстіне құлады.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін сағат 12:15 шамасында болған. «102» арнасына хабарласқан азамат орталық автобекет аумағындағы ғимараттың шатыры опырылып түскенін жеткізген.

«Белгілі болғандай, «Ақшын» сауда үйінің шатыры мен металл құрылғысы екі автобустың үстіне құлаған. Сол жерге полиция қызметкерлері жедел келіп жетті. Алдын ала дерек бойынша, азаматтар арасында зардап шеккен ешкім жоқ. Бірақ автопаркке материалдық шығын келтірілген», - делінген ақпаратта.

Оқиғаның мән-жайын ТЖД қызметкерлері анықтайтын болады.

Еске салсақ, осыған дейін Семей әкімдігі 2,6 млн еуроның қоқыс өңдеу жабдығын жарамсыз қылғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар
telegram