07:23, 14 Сәуір 2022 | GMT +5
Семейде хабар-ошарсыз кеткен 14 жасар бала табылды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында із-түзсіз кеткен оқушы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 сәуір күні сағат 23:54-те полицияға 14 жасар Бейсенғали Ескендір Айқынұлының анасы хабарласып, баласынан көз жазып қалғанын жеткізген.
Анасының айтуынша, бала сол күні кешкі 20:00 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен.
Баланы іздеу шараларына Семей қаласы полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды.
Сондай-ақ, іздеуге Ұлттық ұлан қызметкерлері мен еріктілер қатысты.
Іздеушілердің жұмыла атқарған іс-шараларының нәтижесінде 13 сәуір күні 13:15 кезінде орталық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны А.Максуткан мен патрульдік полиция батальонының командирі, полиция капитаны Е.Бакытбеков баланы тауып алды.
Баланың денсаулығына ешқандай зиян келмеген күйінде анасына тапсырылды.