Семейде иіс тиіп уланып, 3 адам қаза тапты
АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Семейде иіс тиіп уланып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, кеше Семей қаласының Культурная көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің қатты отынмен жанатын пешінің ақауынан шыққан иістен уланған 30 жастағы азамат пен 41 және 36 жастағы әйелдер қаза тапқан.