Семейде инвестиция көлемі былтырғы көрсеткіштен асып түсті
![None None](/static/img/plug.webp)
бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің 130 пайызын құрайды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Серікқали Оразалиева мәлім етті.
Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, кәсіпорындар салған инвестициялардың тең жартысы өндірістерді түрлендіруге және жаңа жабдықтар алуға жұмсалып отыр. Инвестициялардың қалған бөлігі жаңа жобаларға салынды. Олардың ішіндегі орасан зоры - Полковник аралын абаттандыру және қайта жаңарту жөніндегі американдықтармен бірлескен жоба. Шетелдік инвесторлармен жер телімін жалға беруге келісімшарт жасалып отыр, қазір ойын-сауық, сауықтыру және спорттық құрылымдары бар демалыс аумағы құрылысының жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.