Семейде кәмелетке толмаған екі бала жоғалып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған екі баланың жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Семейде кәмелетке толмаған екі бала жоғалып кетті
Фото: Абай облысы ПД

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің қолда бар мәліметтеріне сәйкес, 17 маусым күні сағат 20:00 шамасында 14 жастағы Рақымжан Манатұлы Укіртаев пен 8 жастағы Әлихан Дарханұлы Қайратов Семей қаласындағы Восточный кенті ауданында болған. Осыдан кейін олардың қайда кеткені белгісіз болып отыр. 

Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жеке құрамға бағдар беріліп, балалар болуы мүмкін орындар тексеріліп, үй-үйді аралау және іргелес аумақтарды қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Абай облысы Полиция департаменті қала тұрғындарынан іздестіруге көмектесуді сұрайды. Егер балалардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе оларды табуға көмектесетін мәліметтеріңіз болса, дереу **102** нөміріне немесекәмелетке толмаған бателефонына хабарласуыңызды сұраймыз, — дейді тәртіп сақшылары.

Семейде кәмелетке толмаған екі бала жоғалып кетті
Фото: Абай облысы ПД

Осыған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ел азаматының АҚШ-та жоғалып кеткені туралы ақпаратқа түсініктеме берді.