Семейде карантин режимін бұзған 80-ге жуық адам жауапқа тартылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының полицейлері карантин кезіндегі шектеудің сақталуын қадағалау үшін рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде карантин режимін бұзған 80-ге жуық адам жауапқа тартылды

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, рейд барысында карантин режимін бұзған 77 адамға қатысты хаттама толтырылды. Оның ішінде 54 адам жаяу жүргінші болса, 23-і жүргізуші. Заңбұзушылыққа жол бергендердің көбісі жұп және тақ күндері далаға шығу ережесін сақтамаған.

«Төтенше жағдайды қасақана бұзғандарға заңға сәйкес шара қолданылады. Осы ретте тұрғындарды өзіңіздің және туған-туыстарыңыздың денсаулығын сақтау үшін карантин кезіндегі тәртіпті бұзбауға шақырамыз. Қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, полицияның талаптарын орындауларын сұраймыз. Бұның барлығы жұқпалы індеттің жайылуын бәсеңдету мақсатында жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.