Семейде қарт әйелдің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Семейде өткен жылдың қараша айында 74 жастағы зейнеткер әйелдің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған екі азамат ұсталды.

Семейде қарт әйелдің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды - ҚР ІІМ

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

"Күдіктілер медициналық бетперде киіп, жәбірленушінің үйіне кіргендері анықталды. Үй иесі мен оның 49 жастағы қызын қорқытып, олар 3,5 мың АҚШ доллары мен сомасы 700 мың теңгені құрайтын жеке заттарын алып кеткен. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, заттай айғақтардың бір бөлігі тәркіленді»,-деп атап көрсетті Қ. Жұманов.