19:13, 12 Наурыз 2024 | GMT +5
Семейде қатты желден көпірдің жақтауы құлады
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласында қатты желден көпір жақтауы құлады.

Қалада қатты соққан жел Автогужевой көпіріндегі жақтауды құлатты. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Әділбек Увасилов қазіргі мән-жайды айтып берді.
«Көпірдің құлаған жақтауына лентамен белгі қойылды. Сол жағалаудан оң жағалауға қарай жаяу жүргіншілер жолы жабылған. Ал көлік жүретін төрт жолақ түгелдей ашық тұр», - деді ол.
Осының салдарынан «Қазақтелеком» АҚ-ның оптикалық байланыс желілері зақымданып, қаланың сол жағалауында интернет өшіп қалды. Жақын арада интернет жұмысы қалпына келтіріледі.


