Семейде «қазақ күресінен» ҚР Қарулы Күштерінің чемпионаты басталды

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Семей қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қазақ күресінен екінші чемпионаты басталды.

Семейде «қазақ күресінен» ҚР Қарулы Күштерінің чемпионаты басталды

Жарыс 54, 60, 66, 74 келіге дейінгі және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелеріндегі спортшылар арасында өткізіледі.

«Чемпионат әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қолдау мен насихаттауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс, саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады деген болатын. Бұл жарыс Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2014 жылға арналған даярлық жоспарына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-қолданбалы, ойын және ұлттық спорт түрлері бойынша ХІІ Спартакиадасының регламентіне сәйкес ұйымдастырылған»,-делінген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Біріншілік 2014 жылғы 21-23 қаңтар аралығында Семей қаласының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтуде.