Семейде қазақстандық және ресейлік ағайынды суретшілердің көрмесі ашылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейдегі Невзоров отбасылары атындағы облыстық сурет өнері мұражайында Ресей мен Қазақстанның ағайынды суретшілерінің алғашқы бірлескен көрмесі ашылды.
«Екі түрлі суретшілер мектебінің өкілдері өз туындыларын бір экспозицияға алғаш рет біріктірген, - деп хабарлады қала әкімдігінен. «Параллельдер» аталатын көрмеде екі немере ағайынды - Барнауылдан келген Сергей Боженко мен қазақстандық скульптор Александр Осиповтың 60 көркем және графикалық туындылары ұсынылған. Сергей Боженко - Барнауылдың бас сәулетшісі, жазушы.
Александр Осипов - суретші, дизайнер, ҚР Суретшілер академиясының тілші мүшесі, беделді шетел көрмелерінің қатысушысы. «Бір экспозициялық залда бір-біріне ұқсамайтын суретшілердің жұмысын бұрын-соңды кездестірмеппін. Сергей Боженконың жұмысы лирикалық, нәзік, табиғатқа деген сүйіспеншілікке толы. Ал А.Осиповтың әлемі басқа туындыларында тұспалдау, астарлау басым. Олардың картиналарына қарасаң әлемнің небір құпия сырларының куәсі болып, астарындағы сыршыл да құштарлыққа толы әлеміне үңіле түсесің», - деді көрменің ашылуында мұражай директоры, ҚР өнер қайраткері Татьяна Стромская. «Паралелльдер» экспозициясы қалада бір ай уақыт жұмыс істейді.