Семейде «Қызыл кітап беттерін парақтау» эко-акциясы өтті

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласында «Қызыл кітап беттерін парақтау» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

экоакция
Фото: Абай облысының әкімдігі

Семейде «Қызыл кітап беттерін парақтау» эко-акциясы өтті.

Шараны «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесе «Таза Қазақстан» және «Парктер маршы» акциялары аясында ұйымдастырды.

экоакция
Фото: Абай облысының әкімдігі

«Орталық саябақта тұрғындар Қызыл кітапқа енген сирек өсімдіктермен және жануарлармен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар Абай атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған тақырыптық көрмені тамашалауға мүмкіндік жасалды», - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінен.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар назарын қорғалатын табиғи аумақтардың мәселесіне аудару, қорықтарды сақтау мен дамытуға нақты көмек көрсету, халықтың жабайы табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыру.

«2024 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында ауқымды түрде көшеттерді отырғызу жұмыстары жоспарланған. 6 100 гектар жерге 28 миллион 700 мың ағаш отырғызылады деп күтілуде. Бұл науқан екі кезеңде жүреді. Көшеттердің 5 000 гектардан астамы көктемде, ал қалған 961 гектары күзде отырғызылады», - делінген ақпаратта.

экоакция
Фото: Абай облысының әкімдігі