Семейде құтқарушылар отқа оранған үйден мүгедек адамды алып шықты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өртенген жер үйден мүгедек адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО nөтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі Сәтбаев көшесінде шөп өртенген.

Тілсіз жау лезде жақын маңдағы жер үйге, моншаға, гараж бен шаруашылық қора-жайларға тарап кетті.

«Сол жерге жылдам келіп жеткен өрт сөндірушілер бірінші кезекте жер үйге кіріп, 1984 жылғы мүгедек адамды сыртқа алып шықты. Жалынның жылдам жайылуына қатты жел әсер еткен. Көп ұзамай жалпы ауданы 24 шаршы метрді құраған от ауыздықталды. 2 гектарға тараған дала өрті де сөндірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, өртпен күреске 6 техника мен жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар