Семейде құтқарушылар жол апатына ұшырап, көлікке қысылып қалған адамды шығарды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында құтқарушылар жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетті деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде құтқарушылар жол апатына ұшырап, көлікке қысылып қалған адамды шығарды

22 қазан күні сағат 20:56-да Семей қаласының Дулатов көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде 2 адам зардап шекті. Олардың бірі, ер адам көлік салонында қысылып қалды. Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар қысылған ер адамды көліктен абайлап шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.