Семейде мас күйде көпірдің аспалы құрылымына шығып алған адам құтқарылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында мас күйде көпірдің аспалы құрылымына шығып алған адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде мас күйде көпірдің аспалы құрылымына шығып алған адам құтқарылды

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 шілде күні түскі уақытта «112» пультіне қалалық Полиция басқармасының кезекшісі ер адамның көпірдің аспалы құрылымына шығып алғанын хабарлады. Оқиға орнына департамент психологы мен құтқарушылар дереу келіп жетті.

Құтқарушылар келгеннен кейін 2001 жылы туған ер адамның мас күйде көпірдің аспалы құрылымына шыққанын көрді. Ол төмен түсуге көндірген ТЖД қызметкерлеріне жауап бермеді.

«Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен аспалы көпірдің тірегіне көтеріліп, ер адамға жетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді. Осы уақытта азаматты психолог әңгімеге тартып, психологиялық көмек көрсетті. Құтқару операциясы кезінде ер адам зардап шеккен жоқ», - делінген ақпаратта.

Фото - Абай облыстық ТЖД