Семейде мас күйінде шомылған жігіт Ертіске батып кетті

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде мас күйінде шомылған жігіт Ертіске батып кетті
Фото: t.me/qr_tjm

Жазатайым оқиға Ертіс өзенінің жағалауындағы «Пристань» қалалық жағажайында болған.

Куәгерлердің айтуынша, 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас күйінде шомылған.

Бір мезетте көзден ғайып болған.

Дереу іздеу-құтқару жұмыстары басталды.

Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты.

Іздеу жұмысына жеке құрамнан 4 адам және қайық жұмылдырылды.