14:38, 12 Шілде 2022 | GMT +5
Семейде мектептің төбесі опырылып, төтенше жағдай жарияланды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы № 29 «Пальмира» орта мектебінің төбесі опырылып, аймақта жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Байахметовтың тиісті қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Абай облысы Семей қаласындағы № 29 «Пальмира» жалпы орта білім беретін мектептің асханасымен біріктірілген акт залының төбесі ішінара опырылды. Осыған байлынысты жергілікті ауқымдағы техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдай салдарын жоюға жетекші болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Д.А. Гариков бекітілсін», - делінген қаулыда .
Құжатта білім ордасын жөндеу үшін қаржы шығыны болмайтыны көрсетілген.