Семейде моншада өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында моншада өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Красин көшесінде орналасқан бірқабатты моншаны қызыл жалын шарпыған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.

«Олар бірінші кезекте қатты түтінденген аймақтан 30 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады. Көп ұзамай жалпы ауданы 15 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталып, оның ары қарай таралуына жол берілмеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге барлығы жеке құрамнан 15 адам және 4 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта, зертхана мамандары жалынның шығу себебін анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар