21:42, 17 Қараша 2022 | GMT +5
Семейде мүгедек жандарды сайлау учаскелеріне тасымалдайтын 11 арнайы көлік бөлінеді
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында президент сайлауында мүмкіндігі шектеулі жандар өз дауыстарын беруі үшін 11 арнайы көлік бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс беруі үшін тиісті жағдай жасалады.
«Сайлау барысында мүгедектігі бар сайлаушылардың жағдайы толық қарастырылу керек. Қаладағы сайлау учаскелеріне келгендер құлаққаптар, Брайль қарпінде сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка, қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар және сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар мүгедектігі бар сайлаушыларға қала бойынша 11 арнайы көлік бөлінеді. Олар сайлаушыларды үйінен сайлау пунктіне жеткізеді, – дейді Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев.
Сондай-ақ 20 қараша күні Семей бойынша коғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайды.