Семейде Наурыз мейрамына орай «Наурыз керуені» ұйымдастырылды

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Бүгін Семей қаласында Әз Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған «Төрлет Әз-Наурыз» іс-шарасы өтіп жатыр. Мерекелік бағдарламаны Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары тамашалауда.

Семей
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Семейдегі Наурыз мейрамы
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Табиғат ананың оянуы» деп аталатын күндізгі мерекелік бағдарлама өз жалғасын табуда. Биыл Наурыз мейрамында ерекше көзге түскен «Наурыз керуені» шеруі болды. Мерекелік шеруде түйе, оннан астам жылқы, жеті қазынаның бірі саналатын қыран бүркіт, құмай тазы және ұлттық киім киген 100 - ден астам адам керуенге қатысты.

Семей
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Орталық алаңдағы концертті тамашалауға 8000-нан астам адам жиналды. Әр киіз үйде еліміздегі тарихи тұлғалардың мерейтойларына құрылған импровизацияланған көрмелер ұйымдастырылған. Сондай-ақ, әр ауылда қазақ ұлтының салт-дәстүрінен қойылымдар көрсетіліп, сайыстар өтуде.

Семей
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар