Семейде орнатылған жаңажылдық мүсіндерге бюджеттен қаржы бөлінбеген - әкімдік

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей әкімдігі қалада орнатылған жаңажылдық мүсіндергі қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде орнатылған жаңажылдық мүсіндерге бюджеттен қаржы бөлінбеген - әкімдік

«Семей қаласы әкімдігінің өтініші бойынша мультфильм кейіпкерлері түріндегі шағын сәулет нысандарын Астана әкімдігі қаламыздың балансына ұсынды. Мүсіндерді сатып алуға бюджеттен ақша бөлінбеді. Сыйға тартылған ескерткіштің жалпы саны - 36, оның 14-і қалада жаңа жыл қарсаңында орнатылды» деп мәлім етті әкімдік.

Жаңажылдық мүсіндер - «Пони» 3 фигура, «Смурфтар» 2 фигура, «Панда және Жолбарыс» 2 фигура, «Винни пух және Есек» 2 фигура, «Смешарики» 2 фигура, «балық» 2 фигура.

Этностильдегі 22 фигура Наурыз мерекесі қарсаңында қала ішіне орнатылады.


Фото: t.me/semeyakimdigi