Семейде өрт сөндірушілер ер адамды ажалдан аман алып қалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өрт сөндірушілер бір адамды ажал аузынан алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде өрт сөндірушілер ер адамды ажалдан аман алып қалды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 ақпанда сағат 14.00 шамасында «101» қызметіне Түрксіб көшесінде өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенде жылу трассасындағы қоқысты жалын шарпып жатты. Оның ішінде 1965 жылғы ер адам болған.

«Құтқарушылар оны люктен шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Жалпы ауданы 3 шаршы метрге жеткен тілсіз жау 12 минут ішінде толықтай ауыздықталған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.