Семейде өртенген үйден бір адам құтқарылып, 3 газ баллоны шығарылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде өрт сөндірушілер өртенген үйден бір ер адамды құтқарып, жанып жатқан үй-жайлардан 3 газ баллонын алып шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Семейде өртенген үйден бір адам құтқарылып, 3 газ баллоны шығарылды

8 шілдеде сағат 17:02-де қаладағы Некрасов көшесіндегі жеке үйдегі өрт туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сөндірушілер шақыру орнына келген сәтте ағаш конструкциялары, сондай-ақ жалпы ауданы 15 шаршы метр жазғы ас үй, жиһаз, жеке заттар ашық жалынмен жанып жатты.
Өртті сөндіру кезінде 1976 жылы туған ер адам жатын бөлмесінен шығарылды, ол дәрігерлер тексергеннен кейін медициналық көмекке мұқтаж болмады. Жанып жатқан үйден сыйымдылығы 27 литр болатын 1 газ баллоны табылды, ол дереу бөлмеден шығарылды.
Екінші өрт Икенов көшесінде болды. Хабарлама сағат 21:47-де келіп түскен. Жеке тұрғын үйде, сондай-ақ жапсарлас салынған қойма үй-жайында жалпы ауданы 40 шаршы метр төбелік жабындардың, терезе және есік блоктарының, жиһаздың ағаш конструкциялары, жеке заттар өртенді.
Дер кезінде сыйымдылығы 27 литр болатын 2 газ баллоны табылып, шығарылды.
Екі жағдайда да өрттің алдын ала себебі: отты абайсыз қолдану.