Семейде өртенген үйден ұйқыдағы әйел мен бала құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейдегі саяжайлардың бірінде өрт шығып, ұйқыдағы әйел мен бала құтқарылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Семейде өртенген үйден ұйқыдағы әйел мен бала құтқарылды

Өрт туралы көршілері ұялы телефон арқылы хабарлаған. Өрт сөндіруші жасақ келгенде ауызғы үй жанып жатқан.

«Есік іштен жабық болғандықтан, бұзып кіруге тура келді. Қою түтіннің арасынан 1980 жылғы әйел мен 2009 жылғы бала құтқарылды. Екеуі де алаңсыз ұйқыда болған.  Әйел мен баласы дәрігердің тыңғылықты тексеруінен кейін үйлерін жіберілді» - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қызыл жалын 5 шаршы метр аумақты қамтып үлгерген. Абырой болғанда, үйдің ішінен екі газ баллоны дер кезінде шығарылған.     
null null