Семейде өртенген үйдің 9-қабатынан бойжеткен секіріп кетті

СЕМЕЙ ҚазАқпарат – Семей қаласында өртенген тоғызыншы қабаттағы балконнан 18 жастағы қыз секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде өртенген үйдің 9-қабатынан бойжеткен секіріп кетті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 15 тамызда сағат 12.00 шамасында Шәкәрім көшесінде болды.

«9-қабаттағы пәтердің балконында өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде үй іші көк түтінге оранып жатты. Құтқарушылар 18 жастағы қызды эвакуациялау үшін бірден баспалдақ қойды. Алайда өне-бойын үрей билеген қыз балконнан секіріп кетті. Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметкерлері жәбірленушіні ауруханаға жеткізген», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жалпы ауданы 6 шаршы метрге жеткен тілсіз жауды ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болған.