08:46, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Семейде өртте бір әйел мерт болды, ер адам ауруханаға түсті
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Жексенбі күні кешқұрым Семей қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 13 шаршы метр аумаққа тараған жалын бір сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 12 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 58 жастағы әйелдің мүрдесі табылды, 62 жастағы ер адам күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.