Семейде осы жылы 35 аула абаттандырылады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында биыл 35 аула абаттандырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы аулаларды абаттандыруға, балалар, спорт және футбол алаңдарын орнатуға 890,5 млн теңге бөлінген.

«Жыл соңына дейін 35 аула абаттандырылады деп жоспарланып отыр. 23 балалар және 7 спорт алаңдары салынып, 6 футбол алаңы абаттандырылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 есеге артық», - дейді шаһар басшысы Бақытжан Байахметов.

Сондай-ақ халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Соңғы 3 жылда 16 сумен жабдықтау объектісін салу және реконструкциялау нәтижесінде қала халқының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 2%-ға өсіп, 99%-ды құрады.

«Шығыс, Березовский және Бобровка кенттерінде жалпы құны 2,7 млрд теңге болатын сумен жабдықтау желілерін салу бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, Лодочный, Алматы көшелеріндегі су құбыры желілерінің құрылысын жүргізуге қатысты сараптама жасалуда», - дейді әкім.


Соңғы жаңалықтар