Семейде отбасының екі мүшесі иіс тиіп қайтыс болды

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат - Семей қаласында қатты отынмен жанатын пештің ақауы салдарынан отбасының екі мүшесі көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді,

Семейде отбасының екі мүшесі иіс тиіп қайтыс болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Оқиға жеке сектордағы үйлердің бірінде кеше сағат 12.30-да болды. Пештің дұрыс тартпау салдарынан 32 жастағы әйел мен 13-тегі қыз көмірқышқыл газымен уланып қайтыс болса, 29 жастағы ер бала ауруханаға жеткізілді.