Семейде пәтер өртеніп, 4 жасар бала зардап шекті
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында пәтер өртеніп, 4 жасар бала зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ТЖД сілтеме жасап хабарлайды.
«2 қаңтарда сағат 17:16-да Шәкәрім көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. 5 шаршы метр аумақтағы жеке заттар, жиһаздар жанған. Өрттен зардап шеккен 2018 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, ол дәрігерлердің бақылауында», - делінген хабарламада.