Семейде республикалық Абай оқулары өтуде
СЕМЕЙ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/- Семейде орта мектеп оқушыларының арасында Х республикалық Абай оқулары басталды.
Дәстүр бойынша жыл сайынғы «Абай оқулары» байқауы оқушылар арасында Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізіледі.
Байқауға Қазақстанның барлық облыстарынан 22 команда, 78 оқушы қатысады. Олар Абай мен Шәкәрім шығармаларын мәнерлеп оқу және өз өлеңдері мен музыкалық туындыларын орындау аталымдары бойынша білім жарыстырады. Байқау Жидебайдағы Абай мен Шәкәрім мұражай кешенінде өтеді.
Абай атындағы облыстық драма театрында өткен байқаудың ашылу рәсіміне Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилянов, Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаментінің өкілі Роза Баттал, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.