Семейде селитра сақтайтын үлкен қойма өртенді
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысының өрт сөндірушілері түні бойы ірі өртпен арпалысып шықты.
Семей қаласында шамамен 1000 шаршы метр алаңда қойма жанды. Оның ішінде аммиак селитрасы, консерв содасы сақталған.
Қойманың жалпы ауданы — 4500 шаршы метр.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Жергілікті жерде ТЖМ күш-құралдары 03:29 кезінде жалынды ауыздықтады.
Таңғы 05:05 шамасында өрт толық сөндірілді.