Семейде «Сергек» камералары орнатылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейдегі жылу қазандықтарын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде «Сергек» камералары орнатылады

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Даниал Ахметов «Жылукоммунэнерго» компаниясына тиесілі Ғаббасов, Орталық және 103-103А қазандықтарын тексерді. Қысқа мерзімде жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, «Орталық» қазандығы үшін қосымша қазандықтың құрылысы басталмақ.

«Бұдан былай Семейді жылумен қамтамасыз етуде олқылықтарға жол берілмейді. Орынбасарым Бақытжан Байахметовке екі аптада бір рет осы тақырыпта кездесу өткізіп отыруды тапсырамын», - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар Даниал Ахметов Семей шаһарына жасаған жұмыс сапарында «Сергек» жүйесін енгізу мәселесін талқылап, жиын өткізді.

«Бүгінгі таңда біз Өскемен қаласында бұл цифрлық жүйенің тамаша нәтижелерін көріп отырмыз. Бақылаудың мұндай әдісі Семейде де қолданылуы керек. Ол үшін барлық жағдай жасалады», - деді ол.