Семейде шұрық-тесік жолдардан автобустар бағытын өзгерткен

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында қоғамдық көлік қозғалысына кедергі келтірген жолдағы шұңқырларға қиыршық тас төгіліп, тегістеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Семейде шұрық тесік жолдың автобус қозғалысын шектегені жайлы ақпарат тарады. Осыған орай қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласып көрген едік.

«Сәуір айының 5-і күні тасымалдаушы компаниялардың бірінен №48 және 9 автобустар Мұрат кентіне апарар жолдың нашарлығынан «Аида» дүкені тұсынан кері бұрылуға мәжбүр екендігі туралы телефонограмма түсті. Бөлім қызметкерлері сол жерге барып көрді. Расыменде жолда шұңқырлар пайда болған. Грейдерлеу жұмыстарына жерасты суы кедергі келдіргендіктен шұңқырларға қиыршық тас төгіліп, тегістеу жұмыстары жүргізілді», - дейді бөлім басшысының орынбасары Назым Жанболатова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта автобустар қайта қатынап жатыр.


Соңғы жаңалықтар