Семейде сот мамандары әлеуметтік желіге күмәнді ақпарат жарияламауға шақырды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы мамандандырылған әкімшілік соты мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желіде «күмәнді» ақпараттарды жарияламауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желілердегі әрекеттері» тақырыбында өткен семинарға сот мамандары қатысты. Жиында мемлекеттік қызметкерлерге көпшілікпен түрлі әлеуметтік желілерде тілдескенде сыпайылық танытып, ғаламторда хат алмасқанда тұрпайы лексика қолданбауға, мемлекеттік құпия және заңмен қорғалған ақпаратты жарияламауға шақырды. Сонымен қатар, сепаратизм немесе өркениеттіліктен бас тартуға шақыратын желі қолданылушыларын достық қатарына қабылдамау ұсынылды.

Жиында баяндама жасаған Семей қаласындағы мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Шолпан Рахимжанованың айтуынша «Этика» кодексін бұзған мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.

«Мемлекеттік қызметкерлердің жағымсыз мінез құлықтарын айғақтайтын қандай да бір фотолардың болуына жол берілмегені дұрыс. Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желіде өзін ұстау тәртібі мен әдебі адамгершілік қағидаларына сай болғаны жөн», - деді Шолпан Рахимжанова. 

Соңғы жаңалықтар