Семейде студенттер арасында жемқорлықтың алдын алу үшін акция өтті

Amanat партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанаты Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Семейде «Таза сессия» акциясы өтті.
Акция алғаш болып медицина университетінен басталды.
Мұндағы мақсат – студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жоғары оқу орнындағы жемқорлық фактілерін анықтау. Шараға Семей – Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі, қалалық мәслихат депуттары және жастарды қолдау кеңесінің мүшелері қатысты.
«Акция аясында жастардан анонимді түрде сауалнамалар алынуда. Сондай-ақ студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл көлемінде екі рет ұйымдастырылатын бұл шара жастардың бойында адалдықты, жауапкершілік пен адамгершілікті қалыптасыратыны анық», - деді филиал төрағасы Алмас Айтмұқаш.
Айта кетейік, алдағы уақытта «Таза сессия» акциясы өңірдің басқа да университеттерінде жалғасады.