Семейде су құбырының желілері жаңартылуда
Жобаның жалпы құны – 460 млн 801 мың теңге. Бүгінде тұрғындарға су тартылған. Алайда ол ескі құбырлар арқылы берілуде. Жұмыс аяқталғаннан кейін жергілікті жұрт жаңа желіге қосылатын болады.
«Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Соның аясында 1 шақырым 686 метр су құбыры желілерін қайта жаңарту көзделген. Қазіргі уақытта жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бағдарламаны жүзеге асыру аталған учаскелердегі апаттардың санын азайтуға көмектеседі. Мұндағы желілер ескі, жиі үзілістер мен апаттардың алдын алу үшін оларды ауыстыратын кез келді», - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің коммуналдық секторының басшысы Құралай Дүйсембаева.
Айта кетейік, бүгінде жұмыстың 90%-ы аяқталған. Жоба қазан айында толықтай мәресіне жетпек.