Семейде су шайып кеткен көпір қалпына келтірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде тасқынды су бұзып кеткен көпірді жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Семейде су шайып кеткен көпір қалпына келтірілуде

Суықбастау кентіне баратын жолдағы өткел кеше тасқынға төтеп бере алмай, елеулі зардап шекті. Осы уақытта Құртоған өзенінің деңгейі біршама төмендеді. Қазір бұл жерге 7 техника мен 15 адам жұмылдырылған. Билік өкілдері қауіп сейілмегендіктен күндіз-түні бақылау үзілмейтінін айтады.

 «Қызыл су көпірдің сол жағын шайып кетті. Бүгін өзеннің екпіні әлі жоғары екенін көріп отырмыз. Қазір тұрғындар Суықбастау кентіне Жоламан ауылынан түсіп қалып, көпірден жаяу өтеді де, одан әрі басқа автобустарға отырып қатынауға мәжбүр. Мұның бәрі халықтың қауіпсіздігі үшін», - дейді Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков.


Дереккөз: "Хабар 24" арнасы.