Семейде суға батып бара жатқан бала құтқарылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «112» пультіне жедел медициналық жәрдем станциясының операторынан Затон ауданындағы Ертіс өзенінде 2013 жылы туған бала суға батып бара жатқаны туралы хабарлама түсті, деп жазды ҚазАқпарат.

Семейде суға батып бара жатқан бала құтқарылды

ТЖМ мәліметінше, суға шомылу кезінде баланың эпилепсиялық құрысуы болып, суға бата бастағаны анықталды.

«Отбасымен бірге жағалауда демалған Айжан Садырбалина суға батып жатқан баланы көріп, дереу көмекке асығып, судан шығарып алды. Содан кейін ол балаға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті. Осы уақытта басқа куәгерлер «103» қызметін шақырды.

Дәрігерлер тексергеннен кейін бала КЕАҚ «СМУ» университеттік госпиталіне жатқызылды», - делінген ведомство ақпаратында.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа.