21:42, 20 Мамыр 2024 | GMT +5
Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген күдіктінің ісі сотқа өтті
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласында көлік таптап кеткен әйел көз жұмды.

Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 33 жастағы әйел адамды қасақана көлікпен таптап кеткен.
Алған жарақатынан ол ауруханада көз жұмды.
— Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген, — делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұм әйелді көлікпен таптаған — оның кездесіп жүрген жігіті.