Семейде татар жексенбілік мектебі ашылды

СЕМЕЙ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей қаласындағы Достық үйінде татар тілін оқып-үйренетін жексенбілік мектеп ашылды. Бұрын татар диаспорасының өкілдері 4 жыл бойы қоғамдық ұлттық мәдени орталық жанындағы тіл курстарында ғана оқып келген еді.

Семейде татар жексенбілік мектебі ашылды

Татар тілінің мұғалімі Рауза Зарипованың ақпаратына қарағанда, жексенбілік мектеп заманауи оқулықтармен, тілашарлармен және сөздіктермен жеткілікті қамтамасыз етілген.