Семейде телефонмен ойнап отырған бала күйіп қалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде ұялы телефонмен ойнап отырған бала күйіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Семейде телефонмен ойнап отырған бала күйіп қалды

Төтенше жағдайлар басқармасындағылар осы оқиға болардың алдында жедел жәрдем қызметінің кезекшісінен ауруханаға 2016 жылы туған баланың түскені туралы хабар келгендігін айтты.

«Сәби қуатталып жатқан телефонмен ойнап отырған кезде оны тоқ ұрған. Соның салдарынан бала оң қолының алақанын жарақаттап алған. Дәрігерлер баланың жарақатын қарап көрген соң оны үйіне жіберген»,-деп түсіндірді төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері.

Төтенше жағдайлар саласының өкілдері кішкентай балаларды қараусыз қаалдырмауға кеңес берді.