Семейде Тойота аударылып, 2 адам мерт болды
Мичурина көшесінде таңғы сағат 4-те 33 жастағы жүргізуші жүргізіп келе жатқан «Тойота Камри» автомобилі аударылып кеткен. Жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы мерт болды. Апаттың мән-жайы әзірге белгісіз, полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Осы демалыста өңірде 7 жол-көлік апаты болған. Онда 4 адам қаза тауып, 8 адам зардап шеккен. «Өскемен-Самара» тасжолындағы Самсоновка ауылының аумағында 49 жастағы «Фольксваген Гольф» автомашинасының жүргізушісі алдындағы көлікті басып озып бара жатқанда, қарсы жолақтағы «Газ-31105» көлігімен соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан «Фольксваген Гольф» жолаушысы алңған жарақатынан оқиға орнында көз жұмса, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, сенбі күні Құмкөл ауылындағы жолда 50 жастағы тракторшы шағын трактордың рулін басқара алмай аударылып, сол жерде мерт болды.